Осыған дейін діни араздықты қоздырды деген айыппен сотталған тәжік имамы интернеті "ғасыр обасы" деп атады. Эшони Сироджиддин (Сироджиддин Абдурахмонов) 18 минөттік видео үндеуінде халықты уақытын бағалап, интернеттен бас тартуға шақырды.
Діни қызметкер үндеуінде Тәжікстанның монополияға қарсы мекемесінің интернет бағасын қымбаттатуын қолдап, тұрғындарды уақытын "әлемдік торда бос өткізбеуге" кеңес береді.
Тәжік имамы елінде болып жатқан көптеген опасыздық әрекеттердің көзі осы интернетте жатыр деп есептейді.
Бірақ сарапшылар имамның бұл үндеуі биліктің бастамасымен жазылғанына сенімді.
Эшони Сироджиддин биресми ақпарат бойынша, Тәжікстандағы "Салафизм" қозғалысының лидері. Ол 2009 жылы діни араздық туғызды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол 2013 жылға дейін түрмеде отырып, рақымшылықпен босап шыққан.
Тәжікстанда 18 сәуірден бастап интернет бағасы бірнеше есеге қымбаттаған.