Украинада диверсия ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған екеудің қырғызстандық төлқұжаты болған. Олардың бірі құжатты Мәскеуде алғанын, екеуі де Ингушетияда жоғары лауазымды шенеунік екенін мойындаған.
Украина қауіпсіздік қызметінің 17 сәуірде хабарлауынша, ел аумағында теракт жоспарлаған жеті адам ұсталды. Қызмет жетекшісі Василий Грицактың мәлімдеуінше, ұсталғандардың бірі - Ресей азаматы Алексей Комаричев, 1978 жылы туған.
Ол 4 сәуірде Киевте барлау қызметкерінің автокөлігіне жарылғыш орнату кезінде болған жарылыстан соң ұсталған. Осы іс бойынша ұсталғандардың ішінде тағы бір Ресей азаматы - Тимур Дзортов бар, ол 1988 жылы туған.
Генерал Грицактың мәлімдеуінше, бұл екеуінен Қырғызстан азаматының төлқұжаттары алынған. Күдікті Тимур Дзортов тергеу кезінде қырғызстандық төлұжаттарды қалай алғаны туралы айтқан.