19 апреля 2019
Түркіменстанның білім министрлігі елінде дипломы мойындалатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады.
Азаттықтың түркімен қызметінің (Азатлык) хабарлауынша, бұл күндері білім министрлігі өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, елінде мойындалатын шетелдік оқу орындары тізімімен таныстырып жүр.
Аталған тізімге сәйкес, мақұлданған шетелдік ЖОО ішінде Ресей, Қытай, Үндістан, Түркия, Қазақстан, Грузия және Беларусьтегі университеттер бар. Онда тек бір-екі оқу орындары ғана кірген. Мәселен, түркімен жастарына Қазақстандағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университет пен Лев Гумилев атындағы Еуразиялық университетте білім алуына болады.