Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады

12 апреля 2019 Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады

Тегін дәрінің кімге және қалай берілетінін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқи аласыз

Тегін дәрі-дәрмек кімге берілуі тиіс?

2017 жылдың 29 тамызындағы денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, Қазақстанда тегін мемлекеттік медициналық көмек аясында 264 дәрі-дәрмек тегін берілуі керек.

Мемлекет қазынасынан берілетін дәріні мынадай сырқаттармен диспансерлік есепте тұрған адамдар алады:

жүректің ишемиялық ауруы;

күретамырлы қысымның көтерілуі;

аритмия;

созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;

Дәрі ішпеген кейуана ұзақ жасау құпиясымен бөлісті

жасанды жүрек клапандары қойылған адамдар;

бауыр циррозы мен созылмалы С вирустық гепатиті болса;

дельта немесе дельта агентсіз В вирустық гепатиті;

ойық жаралы колит, Крон ауруы;

ойық жаралы колит;

асқазан мен аш ішектің ойық жаралы ауруы;

 Дәріханаларда жүректі тоқтату қаупі бар дәрі сатылып жатыр

гематологиялық аурулар, гемобластоза мен аплазиялық анемия;

теміртапшылықты анемия;

тұқым қуалаған қан ұю ауруы;

аутоиммундық аурулар мен иммунтапшылығы;

қант диабеті. 

Екі апта бойы тамағында тұрып қалған дәрі қаптамасымен жүрген

Тегін дәрі берілетін аурулардың толық тізімімен сайттан танысуға болады.

Тегін дәріні қалай алуға болады

Тегін дәрі-дәрмекті алу үшін науқас емханада тіркеліп, диспансерлік есепке тұруы тиіс. Ол туралы ақпарат емханаға тіркелген тұрғындардың реестріне енгізілуі керек.

Емхана көңіліңізден шықпаса не істеу керек

Тегін дәрі алу үшін не істеу керек

1. тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға тіркелу керек;

2. диспансерлік есепке тұрып, учаскелік дәрігердің немесе профильдік маман қарауында болу қажет;

3. дерт денсаулық сақтау министрі бұйрығында көрсетілген аурулар тізімінде болу керек. Рецепт учаскелік дәрігер немесе профильді медициналық ұйым маманынан алынады;

4. дәріні рецептімен емхана жанынан ашылған дәріханадан алуға болады. Қолыңызда жеке куәлігіңіз бен дәрігер жазып берген рецепт болуы керек.

Мұндай дәрі-дәрмек бір адамға айына тек бір рет беріледі. Оның мөлшері ем қабылдау мерзіміне сай есептеледі. Ал ұзақ уақыт бойы емделетін науқастар үшін үш айға беріледі.

Дәріханада дәріні тегін бермесе, не істеу қажет 

Емханада тегін дәрі-дәрмек бермесе немесе ол үшін төлем талап етсе, 1439 нөміріне шағымдануға болады. Бұл -  денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы.