Қостанайда оқушы қыздарды мектеп маңында көлік қағып кетті

12 апреля 2019 Қостанайда оқушы қыздарды мектеп маңында көлік қағып кетті

Қостанайда Абайда көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі физика-математика лицейінің маңында екі қызды қаққан, - деп хабарлайды "Наша Газета".  Бұл оқиға 10 сәуірде сағат 15:35-те болған. Қаланың ПД-ға бұл оқиға жайлы хабар түскен. Қыздардың 2007 жылғы екені хабарланды. "Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған жоқ. Полиция қызметкерлері одан оқиғанынң мән-жайын сұрастырып жатыр", - деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің сөзінше, екі қыздың да миына зақым келген. Олар Қостанайдың облыстық балалар емханасына жатқызылған.   Куәгерлердің сөзінше, жол-көлік оқиғасы жаяуларға жолдан өтуге рұқсат етілген жерде болған. 

 


Толығырақ: tengrinews.kz