8 апреля 2019
Өзбекстан мемлекеттік салық комитетіндегі дереккөз 5 сәуірде Шайхантахур аудандық салық инспекциясында жұмыс істеген 133 қызметкерді жұмыстан шығарды деп хабарлады.
"Арнайы отряд келді де бәріне өз еркімен жұмыстан кету жөнінде арыз жазуды талап етті. Бұл президент Мирзияевтің бұйрығы деді. Осылайша, 133 қызметкерді бір күнде жұмыстан шығарды", – деді дереккөз.
Салық комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпарат жөнінде түсініктеме беруден бас тартты.
"Қазір өте қарбалас, ешкім ешнәрсе білмейді", - дейді Шайхантахур аудандық салық инспекциясының өкілі.
4 сәуірде үкімет отырысы кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев салық мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздігін сынға алған.