Ресейдің Ұлыбританиядағы елшілік қызметкерлері жүйкелік-салдандырушы улаушы заттан қайтыс болған Дон Стёрджестің ұлымен кездескісі келеді. Дәл осы улы заттан Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия зардап шеккен.
Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, дипломатиялық миссия Эван Хоупқа Солсбери қаласында болған оқиғаға қатысты "Солсбери": жауабы жоқ сұрақтар" баяндамасын жіберуге ниетті.
"Елшілік сонымен бірге Хоуппен де кездесіп, барлық сұрақтарына жауап беруге дайын", – делінген түсініктемеде.
Эймсбери қаласында "Новичок" улы затынан қайтыс болған Доун Стерджестің ұлы Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, "Новичокты" пайдаланған ресейлік азаматтарды тергеуге алуға шақырған.
20 жастағы Эван Хоуптың хаты The Daily Mirror газетінде жарияланды.
44 жастағы Доун Стерджесс 2018 жылдың шілде айында "новичок" улы затынан қаза тапқан. Британдық полиция сол жылдың наурыз айында көрші Солсбери қаласында Ресейдің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия уланған (олар ұзақ емнен кейін аман қалған) заттан қайтыс болды деп есептейді. Бұл оқиғаға ресейлік әскери агенттер Анатолий Чепиг (шын аты Руслан Боширов) және Александр Мишкин (шын аты Александр Петров) күдікті ретінде айыпталуда.
Стерджестің ұлының сөзінше, Путин егер "адами тұрғыда" әрекет ететін болса, "әділеттілікті орнатуы мүмкін жалғыз адам".
Путин былтыр күзде "Боширов" пен "Петровты" Скрипаль отбасын улауға еш қатысы жоқ азаматтар деп атаған. Дәл сол күні екі күдікті RT телеканалына сұқбат беріп, өздерінің жәй кәсіпкер екенін, Солсбериге турист ретінде қыдырып барғанын айтқан. Содан бері олар байланысқа шықпады.
4 наурызда Сергей мен Юлия Скрипальдардың "Новичоктан" уланғанына дәл бір жыл толады.