АҚШ қолдауына ие сириялық бүлікшілер 3 наурызда "Ислам мемлекеті" террористік тобының бақылауындағы соңғы елді-мекенді азат ету операциясын бастады.
"Сирия демократиялық күштері" араб-күрд альянсының өкілдері сириялық бүлікшілердің аздаған күші Багхуз ауылына қарай беттегін мәлімдеді. Әскер қызметкерінің айтуынша, елді-мекенде мыңдаған жарылғыш орнатылған.
"Ислам мемлекетінің" жүздеген содыры Багхуз ауылына бекінген. Олар SDF күштеріне тосын шабуылдар жасап жүр.
Багхуз ауылы Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясында орналасқан.
Бұған дейін хабарланғандай, соңғы шабуылды ұйымдастыруға АҚШ, Франция және Ұлыбритания арнайы жасақтары көмектескен. Бейбіт тұрғындардың барлығы елді-мекеннен кеткен соң шабуыл басталады. Сириялық бүлікшілер тобы ИМ содырларына қаруларын тастап, берілуге соңғы рет мүмкіндік беріп отыр.