Көп балалы аналар наразылығы. Себебі тереңде ме?

25 февраля 2019 Көп балалы аналар наразылығы. Себебі тереңде ме?

Астанада өртенген үйде қалып қойған бес қыз баланың қазасынан кейін көп балалы аналардың билікке талап қоюы әлеуметтік жағдайы нашар топтардың жеткілікті қолдау алмай отырғанын көрсетті. Және мемлекет саясатындағы жұрт көңілінен шықпайтын басқа да көптеген мәселелердің бетін ашты.

"Екі балам бар. Тағы үш сәби сүйгім келеді. Бірақ көп балалы болсам, жеңілдік алатыныма кім кепіл?" деп сұрады Астанада шенеуніктермен кездесуге келген әйелдердің бірі көкейіндегісін сыртқа шығарып.

Ақпанның 6-сы күні Астанада жүздеген ана көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғауды күшейту туралы талаптарын билікке жеткізді. Олар босанғанда және баланы бағып-күту кезінде төленетін жәрдемақы көлемін көбейтуді, қосымша төлемдер мен жеңілдіктер қарастыруды, баспана мәселесін шешуді талап етті.

Астанадағы жиын ата-анасы түнгі жұмысқа кеткенде өртенген үйде қалып қойып мерт болған бір отбасындағы кәмелетке толмаған бес қыз жерленген күннің ертесінде аяқастынан басталған еді.

"Регламентті қайтарыңдар! Төрт баласы барларға қатысты регламентті қайтарыңдар! Соны талап етеміз!" деді бірнеше телекамераның алдында сөйлеген әйел. Оның қасындағы оншақты ана бұл талапты қолдады.

"10 мың теңге жәрдемақыны қайда жеткіземін?" (6 ақпан 2019 жыл)

Ол айтқан "регламент" - 2018 жылға дейін қолданыста болған заң нормасы. Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері сол бойынша анықталатын. Төрт және одан көп баланы тәрбиелеп отырған анаға мемлекет (үлкен баласы 18 жасқа толғанша) 4,16 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ақша төлейтін.

Биыл АЕК 2 525 теңгеге тең, қазір 4,16 АЕК – айына 10 мың 504 теңге немесе 28 долларға жуық. 2018 жылдың қаңтарына дейін есепке тұрып үлгергендер осындай азғантай жәрдемақы мөлшерін сақтап қалған. Бұл ақшаға бір реттік жөргектің екі қорабын немесе бес-алты килограмм сиыр етін сатып алуға болады. Ал былтырғы қаңтарға дейін құжаттарын рәсімдеп, жергілікті билік органдарына тапсырып үлгермегендерге жәрдемақы басқаша төленеді.

Әуелі Астанада, кейін басқа аймақтарда да өткен көп балалы аналар жиынында әйелдер жәрдемақының мардымсыз екенін және оны алудың машақатын (көп анықтама жинау керек) айтып шағынды. Олар өз пікірлерімен санаспай қабылдаған заң өзгерісі жұртқа төбеден жай түскендей әсер еткенін жеткізді.

Наразы аналардың билікке талабы: