Мәскеу мен Санкт-Петербург билігі ресми рұқсат етілмеген "Аналар қаһары маршына" қатысушыларды ұстады.
Екатеринбург, Ярославль, Қазан, Махачкала, Орел және Ресейдің басқа да қалаларында "Ашық Ресей" ұйымының белсендісі Анастасия Шевченконы қолдауға арналған наразылық акциялары өтті. Оны заңсыз ұйымдар құрумен айналысты деп айыптап жатыр.
Қаңтар айының аяғында Шевченконың 17 жастағы қызы ауруханада қайтыс болды. Қызы әл үстінде жатқан кезде де, анасына қызын көруге рұқсат бермеді.
"Жансақтау бөлімінде қаза тапты. Ол азаматтық ұстанымы үшін үйқамақта отыр. Бүгін әйелдерді қуғындап жатыр. Аналар бар болғаны балалары үшін жарқын болашақты қалайды", - дейді "Аналар қаһары маршын" ұйымдастырушылар.
Белсенділер Ресейдегі барлық әйелдер мен саяси тұтқындарды босатуды талап етеді.
Мәскеуде өткен акцияға жүздеген адам қатысты. Петербургте 150 адам шықты. Полиция олардың тарауын талап етті. Бірақ олар үнсіз, плакаттар ұстап, көшелермен жүріп өтті. ОМОН қызметкерлері оларды жаппай ұстай бастады.
Екатеринбургте бір адамды ұстаған.
Саранск қаласында наразылық шарасына оншақты адам шыққан.
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Анастасия Шевченконы ар тұтқыны деп атап, оны тез арада босатуды талап етті.