6 февраля 2019
Қырғызстанның Узген ауданының 47 жастағы тұрғыны 14 жастағы туған қызын зорлағанын мойындады. Ол 20 қаңтардан бері тергеу абақтысында отыр.
Күдіктінің қызы алтыншы айға жүкті. Қазір ол туыстарының үйінде тұрып жатыр.
Жергілікті милиция бөлімшесінің өкілі Женишбек Аширбаев жасөспірімнің алдағы тағдыры жайында айтты:
- Егер туыстары асырап алса, қыз соларда қалады. Егер бас тартса, мемлекет қарауында болады.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, күдікті психикалық аурумен ауырады. Анасы 2013 жылы қайтыс болған.