Қазақстанда салықты электронды түрде төлеу жеңілдейді

28 января 2019 Қазақстанда салықты электронды түрде төлеу жеңілдейді

Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері электронды әмиянға түскен салықты шоттарға өздері таратады

 Қаржы министрлігі жыл соңына дейін салық төлеушінің бірыңғай электронды әмиянын құруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда жаңа салық енгізілді: оны қанша адам төледі

Министрдің айтуынша, 2015 жылдан бері бюджеттік классификация кодтарының саны 2,5 есеге қысқарып, салық декларациясының нысандары 30 процентке оңтайландырылған. Жыл сайын бұл жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. 

"Салықты электронды түрде төлеу процесін жеңілдету басталды. Ол үшін салық төлеушінің бірыңғай электронды әмияны сервисіне көшу көзделіп отыр", — деді Смайылов мәжілістегі үкімет сағатында. 

Бұл ретте министр Эстонияның тәжірибесін мысалға келтірді. Аталған елдің  салық төлеушілері салықты бір реквизитке төлейді екен. Кейін түскен сома жеке тұлғалардың барлық салығы бойынша автоматты түрде тарайды. 

"Осыған сәйкес қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелері 2019 жылдың соңына қарай бірыңғай электронды әмиянға түскен салықтарды шоттарға өздері таратады", — деді ведомство басшысы.  

Сондай-ақ, Смайылов салықтарды қате төлеуді болдырмау нәтижесінде төлем құжаттарының саны қысқартылатынын, анықталмаған төлемдер мен негізсіз айыппұлдар алынып тасталатынын атап өтті. Бұған қоса, инкассалық өкімдер саны қысқартылып, салық төлеушілердің уақыты үнемделеді.

1 қаңтардан бастап кей қазақстандықтар салық төлеуден босатылды

"Электронды әмиян арқылы салық төлеудің бірыңғай сервисіне өту үшін ақпараттық жүйені пысықтау және деректер базасын актуализациялау қажет", — деді министр.



Әрі қарай оқу:sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Болат Шайхинов