Қазақстанда қашан күн жылынады

28 января 2019 Қазақстанда қашан күн жылынады

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" 29-31 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады. Қаңтардың соңғы үш күнінде қатты аяздан соң күн күрт жылынып, артынша тез суытып кетеді.

Ертең 35 градустық аяз суық антициклонмен шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінен жылы циклон келеді. Әрі қарай солтүстік-шығысқа жылжитын циклонмен бірге жылбысқы қар жауып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде көктайғақ және тұман болады.

"Қазгидромет" 2019 жылдың қаңтар айына болжам жасады 

Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, ауа температурасы көтеріледі.

Ірі қалалардағы ауа райы

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Gismeteo мәліметі бойынша, 29 қаңтарда Астанада ауа температурасы түнде —26 градус болса, күндіз 16 градус аяз болады. Алматыда түнде —9 градус, күндіз —4 градус болады. Ал Шымкентте түнде небәрі 2 градус жылы болса, күндіз +14 градусқа дейін көтеріледі.

30 қаңтарда елордамызда түнде 23 градус аяз, күндіз сынап бағанасы —13 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде 7 градус нөлден төмен, күндіз 3 градус жылы болады. Шымкентте түнде +6 градус, күндіз +8 градус.

31 қаңтарда Астанада түнде —22 градус болса, күндіз ауа температурасы 19 градус аяз болады. Оңтүстік астанада түнде —1 градус суық болып, күндіз +3 градусқа дейін жылынбақ. Шымкентте жаңбыр жауады, түнде 7 және күндіз 1 градус нөлден жоғары.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Ирина Семибратова