63 мың теңгеден аз алатын қазақстандықтардың жалақысы өсті

22 января 2019 63 мың теңгеден аз алатын қазақстандықтардың жалақысы өсті

Президенттің тапсырмасымен жалақысы 63 125 теңгеден төмен жұмысшылардың салық жүктемесі 10 есеге төмендетілді

Енді 2 миллионға жуық қазақстандық жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту болатын. Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін атап өтті.

Қазақстанда орташа айлық жалақы қаншаға жетті?

"Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 миллионға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады", — деді Дәленов. 

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша өзгерістер 2019-2021 жылдары жергілікті бюджеттердің 93,7 миллиард теңге мөлшеріндегі шығындарына әкеледі. Аталған шығындар республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 2 сәуірдегі отырысында қаралды және мақұлданды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмендер салықтан босатылды

"Жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдік есебінен төмендемейді", — деді ол.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik /