Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды

22 января 2019 Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды

Түзету мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары түрмеге жабылды

Маңғыстау облысында Ақтау қалалық соты ГМ-172/6 колониясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарын жемқорлық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды. 

Сот айыптаушылар бопсалау жолымен, алдын-ала сөз байласу арқылы сотталғандардың туыстарынан үлкен мөлшерде пара алғанын анықтады, деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адамдар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтарына ("Пара алу") сәйкес кінәлі деп танылды. ГМ-172/6 колониясының бұрынғы басшысы және оның орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі таңда үкімі күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысы жанармай құю бекетін тонаған болатын, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. 



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Алексей Филиппов