Қазақстандық жұлдыздар кейде тойға тегін баратын кездерінің болатынын айтады. Сондай-ақ, келісілген ақшаны бермей әуре-сарсаңға салатын той иелерінің болатынын жасырмады
Қазақстандық әншілер қуанышына ортақтасу үшін кейде той иесі ұсынған ақшаға баратындарын айтады. Арасында әншілікті бақытқа балап, тегін ән салатындар да бар екен.
"34 жас": Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар
Абай Бегей белгіленген гонорары бар екенін және оның қалтаны жұқартатындай аса қымбат емес екенін айтады. Егер "Абай Бегейсіз тойым өтпейді" деп өтініш білдірсеңіз, бар ақшаңызбен әншімен ымыраға келуіңіз мүмкін.
"Әрине, аламыз. Бірақ менің бағам шарықтап тұрған жоқ. Керек қылып шақырып жатса, әрине, келісім бойынша келемін", — дейді әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында.
Ал Роза Әлқожаның өнер мен өмірдегі бауыры қазақтың бірде-бір тойының өзінсіз өтпейтінін айтып мақтанды. Мұны орындап жүрген әндерінің ел арасында кеңінен танымал болуымен байланыстырды. Яғни бұл әндерді өзі барып орындамаса да, тойда бір рет қосылатыны сөзсіз дейді. Сондай-ақ, ол гонорарын айтудан бас тартты.
"Біреулерге менің гонорарым сөмкесінен алып, "Мә" деп бере салатындай ақша болып көрінуі мүмкін. Енді біреулер үшін бір жыл бойы жинап жүріп табатын сома. Сол себепті нақты айта алмаймын. Айтатын болсам, жағдайы жетпейтін кісілер "Мынауың сұмдық екен ғой" дейді. Ал керісінше қалтасы қалың азаматтар "Мынаның бағасы осы ғана ма" деп айтады", — дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Тағы оқыңыз: Танымал жұлдыздар балаларына қандай ат қояды?
Ақбота Керімбекова тойға күнде бармайтынын жасырмайды. Бірақ шақырған жерден қалмайды екен. Бір кездері той иесі оны ақшасын бермей әуре-сарсаңға салып еді. Басынан осындай жағдайдың өткеніне қарамастан, әнші мәселе ақшада еместігін алға тартты.
"Менде қатып қалған баға жоқ. Пәленше-түгенше деп айтпаймын. Көбіне жағдайға қарауға тырысамыз. Өйткені әрбір қазақ жақсылығы мен қуанышына өнер адамын шақырып, бөлісуге тырысады. Кейде келісіммен бағамызды түсіріп те жатамыз. Барлығы адамның ниеті мен пейіліне байланысты. Алланың берген несібесімен", — дейді Ақбота Керімбекова.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz,фото-© AFP 2018 / ROBERTO SCHMIDT