Екі жасар сәби бір аптадан бері 100 метрлік шұңқыр түбінде жатыр

21 января 2019 Екі жасар сәби бір аптадан бері 100 метрлік шұңқыр түбінде жатыр

Құтқарушылар балаға жете алмай отыр: шұңқырды кеңейтсе, сәбиді топырақ басып қалуы мүмкін

Испанияның Малага портты қаласында ірі көлемде арнайы операция жүргізілуде. Құтқарушылар жеті тәуліктен бері тереңдігі 100 метр, ені 25 сантиметр шұңқырға құлап кеткен екі жасар сәбиге жете алмай отыр.

Жергілікті БАҚ-қа сүйенсек, бала серуен кезінде шұңқырға түсіп кеткен. Расталмаған мәлімет бойынша, жер учаскесінің иесі шұңқыр қазып, қоршауды ұмытып кетсе керек.

Баланың ата-анасы күндіз-түні шұңқыр жанында күзетіп отыр, бірақ балақай ешқандай тіршілік нышанын білдірер емес – әуелі жылаған дауысы естілген, кейін ол да сап тыйылды.

Сәби 80 метрлік тереңдікте жатыр деген болжам бар.

Бәлеге душар болған Ақтөбе тұрғыны табылмай жатыр

Құтқарушылар шұңқырдың аузын үлкейтуге жүрексініп, жанынан қосымша шұңқыр қазу арқылы құтқаруға тырысып жатыр.

Баланы құтқару үшін жергілікті шеберлер лифт сияқты құрылғы ойлап тауып, жексенбі күні сынап көрді. Қолдан жасалған автокранды 33 метр тереңдікке түсіруге болады екен. Құтқарушылар соның көмегімен қалған топырақты тартып шығармақ. Автокран бір дегенде 500 килограмм топырақ көтереді.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz,фото-CC0 / freestocks-photos