Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады

21 января 2019 Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады

Телефон нөмірі mGov мобильді базасына тіркелген болуы тиіс

 25 қаңтардан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қорда қанша ақшасы бар екенін eGov.kz сайтынан бір реттік SMS құпия сөздің көмегімен біле алады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Зейнетақы - 2019: қазақстандықтар енді қанша алады

Осы уақытқа дейін бұл қызмет түрін электронды цифрлық қолтаңбамен ғана пайдалануға болатын еді.

"Салымшы сұратым жібергеннен кейін азаматтардың mGov мобильді базасында тіркелген нөміріне құпия сөз жазылған SMS келеді", — деді зейнетақы қорының баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан өзге зейнетақы салымдары туралы ақпаратты БЖЗҚ кеңсесіне барып немесе жазбаша өтініш өткізгеннен кейін, БЖЗҚ-да тіркелген электронды пошта арқылы, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет немесе eGov.kz электронды үкімет сайтындағы жеке кабинет арқылы алуға болады.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Болат Шайхинов