Полиция қарағандылық инспекторды кімдер өлтіргенін анықтады

16 января 2019 Полиция қарағандылық инспекторды кімдер өлтіргенін анықтады

ІІМ қоғамдық резонанс тудырған істі тергеу жалғасып жатқанын айтты

 Полиция "Охотзоопром" кәсіпорны қызметкерлеріне шабуыл жасауға қатысы бар тұлғалардың барлығын анықтады.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобы жасаған адам өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Лукин Қарағандыдағы қайғылы оқиға жайлы: кім болса да, жазадан құтыла алмайды

"Кешенді тергеу іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр", — деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, Астана ауруханасына жеткізілді. Инспекторлардың бірі кеше кешке көз жұмғаны белгілі болды.

Полиция Қарағандыдағы қанды оқиғаға не себеп болғанын айтты

Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында инспекторларға шабуыл жасау ісін жеке бақылауына алды.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Тимур Батыршин