Қаңтардың үшінші аптасында Қара теңіз аймағынан келген атмосфералық фронттар салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн жылынады
Қазақстанның басым бөлігінде 14 қаңтарда ауа райы құбылмалы болып, боран соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Солтүстік пен орталық
Ақмола облысында түнде басым бөлігінде жел күшейеді, күндіз кей жерде екпіні 15-20 м/с, кей жерде төменнен соққан боран.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында төменнен соққан боран, тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Оңтүстік
Алматы облысында кей жерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22, ұйытқуы 25 м/с.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Батыс пен шығыс
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерде тұман, күндіз кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде көктайғақ.
Дабылды ескерту
Бұдан бөлек метеоқызмет үш облыс пен Астанада дабылды ескерту жариялады.
14 қаңтарда Ақмола және Қостанай облыстарында, сонымен бірге елордада кей жерде төменнен соққан боран болып, оңтүстіктен қатты жел соғады.
Батыс Қазақстан облысы мен Оралда бүгін тұман, көктайғақ, боран болуы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада бүгін таңертең және күндіз ауа райы ала бұлтты, оңтүстік желдің екпіні 18 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус, түнде 9-11 градус нөлден төмен.
Алматыда күн ала бұлтты, күндіз 0-2 градус жылы, түнде 6-8 градус аяз, оңтүстік-шығыс желдің екпіні 7 м/с.
Шымкентте 14 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +11 +13 градусқа дейін жылынады, түнде —1 – 3 градус аяз болады.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото- Sputnik / Владислав Воднев