Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегас қаласында өтуі мүмкін
Golden Boy промоутердік компаниясының президенті Эрик Гомес орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келетініне күмән келтірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұдан бұрын GBP басшысы Оскар де ла Хойя Гомеске Головкиннің өкілдерімен үшінші кездесуге қатысты келіссөздерді бастауды тапсырған болатын. Компания президентінің сөзіне қарағанда келіссөздердің бірінші кезеңі сәтті болмаған сыңайлы.
Головкин енді қайтып жеңілмеу үшін не істеу керек?
"Головкин "Канеломен" қайта жұдырықтасқысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар", — деп жазыпты Эрик твиттерде.
Өткен демалыста Де ла Хойя үшінші кездесудің күні мен болатын жерін атады – 4 мамыр күні Лас-Вегаста.
GGG — "Канело" үшінші жекпе-жегінде кім жеңеді — сарапшылар болжамы
Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы екі жекпе-жек те осы қалада өткен болатын. "Канело"— GGG алғашқы кездесуі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіп кетті.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© AP Photo / Isaac Brekken