Ғалымдар қандай адамдардың тез қартаятынын анықтады

9 января 2019 Ғалымдар қандай адамдардың тез қартаятынын анықтады

Артық салмақ жасушалардың қартаю процесін жылдамдататын болып шықты

 Британия университетінің ғалымдары үрейлілік, семіздік пен кәріліктің арасындағы өзара етене байланысты анықтады. 

Мамандардың зерттеуі Cell Metabolism журналында жарияланған. 

Ғалымдар кеміргіштерге сынақ жүргізді. Анықталғандай, тышқандар артық салмақ қосқан сайын, олардың ағзасында жасушалардың қартаю процесі жылдам жүрген. Жасушалардың басым бөлігі іс жүзінде қажетті функцияларды орындауын тоқтатып, салдарынан кеміргіштерде жоғары үрейлілік байқалған. 

Зерттеушілердің айтуынша, бұл сынақ семіздіктің қартаю процесін жылдамдататынын дәлелдеді. Бұған қоса, семіздік пен үрейдің арасындағы байланыс анықталды. 

Бұған дейін 2018 жылдың желтоқсанында Манчестер қалалық университетінің ғалымдары (Ұлыбритания) фастфуд күйзеліске түсу тәуекелін 40%-ке арттырады деген қорытынды жасаған еді.



Әрі қарай оқу:sputniknews.kz, фото-ССО