Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды

8 января 2019 Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды

Осы жантүршігерлік оқиғадан кейін тірі қалған екі зорлықшы 30 жылға түрмеге жабылды

 57 жастағы әйел қызын зорлап жатқан қылмыскерлердің бірін бауыздап тастап, қалған екеуін ауыр жарақаттаған.

Оңтүстік Африкадағы ауылдардың бірінде тұратын әйел кешкі ас пісіріп жатқанда үйге үрейі ұшқан құрбысы жүгіріп кірген. Ол үш еркек оның 27 жастағы қызын ғимаратқа сүйреп кіргізіп, зорлай бастағанын айтады.

Әйел жергілікті полицияға хабарласа алмағандықтан, қолына пышақ алып, қызын өзі құтқаруға аттанады. Ол тыржалаңаш үш еркекке аңдаусызда ту сыртынан тап беріп, олардың біреуін өлтіріп, екеуін ауыр жарақаттаған, деп жазды life.ru.

Ашынған анаға кісі өлтірді және екі адамның өміріне қастандық жасады деген айып тағылғаннан кейін жергілікті тұрғындар бүлік шығарды. Олар әйелдерді қорғауға 12 мың доллардан астам қаржы жинады, ал үш аптадан кейін тағылған айып алынып тасталды. Ақыр соңында екі зорлықшы 30 жылға түрмеге жабылды, сот олардың ауыр жарақат алғанын ескеріп, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолданған жоқ. 

"Қызымды құтқаруды ғана ойладым. Соңғы сәтке дейін құрбымның сөзі өтірік болып шықса екен деп үміттендім. Қызым зардап шекпеу үшін арыстанға да тап беруші едім. Әрбір ана солай істейді деп ойлаймын", — дейді әйел.  

Қызы және жиенімен бірге шағын лашықта тұратын әйел жиналған ақшаны баспанасын ауыстыруға жұмсамақ. 



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Табылды Кадырбеков