Комада жатқан әйелдің аяғы ауырлап, сәби дүниеге әкелді

8 января 2019 Комада жатқан әйелдің аяғы ауырлап, сәби дүниеге әкелді

Науқастың комада жатқанына 10 жыл болған. Алайда жақында дені сау баланы өмірге әкелді

 АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласының ауруханасында комада жатқан әйел бала туды, деп жазады Arizona's Family.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелді босандыру сәтті өткен, нәрестенің дені сау, қазір жағдайы жақсы.

Дәрігер науқасқа ота жасағаннан соң зорлап тастады

Бұл оқиға полицияның назарына түсіп, ауруханада шұғыл тексеріс басталды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам 10 жылдан бері есін жимаған. Олар да, құқық қорғаушылар да науқастың зорлау салдарынан жүкті болып қалғанын алға тартады.

Аурухана басшылығы бұдан былай ер азаматтарды науқас әйелдерге медбикемен бірге ғана кіргізетін болды.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-РИА Новости