Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады - фото

28 декабря 2018 Алматыда жедел жәрдем көлігі ірі жол апатына ұшырады - фото

Ауа райы қолайсыздығынан жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан төрт көлік соқтығысып қалған

Алматыда жолдың көрінбеуі салдарынан ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.

Жол апаты Розыбакиев көшесінде болған. Жедел жәрдем жүргізушісі артқа бұрылу үшін бөлу жолағына тоқтаған Audi көлігін көрмей қалыпты. Қатты соққыдан жеңіл көлік қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетеді.

Жүргізушілері полицияны күтіп тұрғанда, жедел жәрдем көлігіне SsangYong келіп соғылған, ол жол апаты болғанын көрмей қалса керек.

Көлік бір жаққа ығысып, қасынан өтіп бара жатқан Lada-ға соғылады.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik /