Сот Әлімжан Тұрмановты сегіз жылға бас бостандығынан айырды
Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында террорлық топтың басшысының соты құпия түрде өтті.
Судья Алтынбек Сабыров тіпті қылмыс туралы оқыған да жоқ. Сот мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы Әлімжан Тұрманов үш қылмыс жасаған.
Сотталушы ҚР ҚК 257-бабы 1-тармағы – "Террорлық топ құру және басқару", 256-бабы 2-тармағы – "Терроризмді насихаттау" және 174-бабы 2-тармағы – "Діни алауыздық туғызу" бойынша айыпталды, деп хабарлайды Актобе Таймс.
Тұрманов өз айыбын мойындап, сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды.
Астанада 15 жастағы бала мектепке "бомба қойған"
Әлімжан Тұрманов — Ақтөбе облысының тумасы, алайда Ресей азаматтығын алған. Ер адам Орынбор облысында тіркелген екен. Қазір жұмыссыз. Оның ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары екі айдай мерзімге ұласты. Заттай айғақ ретінде сотта DVD-дисктер мен "флешка" ұсынылған.
Биыл қыркүйек айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Махамбет Әбісәтов мәслихат отырысында құқық қорғаушылардың 147 адамды ұстағанын мәлімдеді. Ұсталғандар Ақтөбе полициясына шабуыл ұйымдастырмақ болған.
ҰҚК 10 экстремисті ұстады
Естеріңізге сала кетсек, қараша айында Ақтөбенің екі тұрғыны терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды. Олар тұрған пәтерлерден оқ ататын қару, оқ-дәрі, қолдан жасалған жарылғыш заттардың бөлшектері, экстремистік сипаттағы материалдар табылған.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Илья Питалев