Президент жеке басқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, Қазақстандағы кадрлық өзгерістерге түсініктеме берді
Телевизиялық бағдарламалар кестесіне сәйкес, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты мемлекеттік арналар эфиріне 28 желтоқсан сағат 21:30-да шығады.
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
"Қазақстан президенті мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды", — делінген Ақорданың ресми сайтында.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылған.
Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Алексей Никольский