"Аяздың беті қайтады". Алдағы күндерге ауа райы болжамы

26 декабря 2018 "Аяздың беті қайтады". Алдағы күндерге ауа райы болжамы

Алдағы күндері қаһарына мінген аяздың беті қайтып, Жаңа жыл қарсаңында ауа райы жылынады

"Қазгидромет" метеоқызметі алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанға қатты аяз ала келген Сібір антициклоны республиканың басым бөлігінің ауа райына әсерін әлі де жоғалтпайды. Алдағы тәулікте, әсіресе түнде қатты аяз болады.

Алайда батыс облыстарға циклон және атмосфералық фронттармен бірге жылы әрі ылғалды ауа массалары келеді. Осы циклонның шығыс бағытта жылжуы салдарынан кей жерде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрады, аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Gismeteo болжамы бойынша, 27 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде және таңертең —28, —31 градус болса, күндіз және кешкі —22, —23 градус. 28-29 желтоқсанда ауа температурасы —14 градус болады.

Алматыда 27 желтоқсанда түнде және таңертең 7, 8 градус нөлден төмен, қар жауады, күндіз және кешке 4-6 градус суық. 28 желтоқсанда күндіз ауа температурасы минус 2 градус, ал 29 желтоқсанда 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Шымкентте 27 желтоқсанда ауа температурасы 9 градус жылы болады. Ал 28-29 желтоқсанда ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Александр Викулов