Төсін көрсеткен депутатқа қатысты дау жалғасын тапты
Елордалық жастар мәслихатының депутаты, модель Динагүл Тасова желтоқсанның басында Fashion Night Astana сән көрсетілімінде ашық-шашық киіммен шыққаннан кейін соққыға жығылғанын мәлімдеді.
"Мен туралы жаңалық шыққан соң, сынның астында қалдым. Әлдекім менің адамгершілік деңгейімнің төмендігін айтса, енді бірі ашық түрде қорлады. Менің Instagram-дағы аккаунтымды жаптыруға дейін барды, оның себебі – омырау", — деп жазды қыз.
Ол бұрын да ішкиіммен немесе сукиіммен көрсетілімдерге қатысқанын айтты.
"Мен модель ретінде жұмысымды жақсы атқарып жүрмін", — деді Динагүл.
Instagram-дағы жаңа парақшасында қыз тағы да ашық-шашық фотосын жариялады, онда денесі көгеріп тұрғаны байқалады. Модель жазбасында жақын санайтын адамы осылайша "қолдау" білдіргенін атап өтті.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-CCO,