Азық-түлік қай өңірлерде қымбаттады

13 ноября 2024 Азық-түлік қай өңірлерде қымбаттады

Қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда жалпы көлемі 284,9 мың тоннаны құрайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің қоры бар

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың 14 мамырындағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы жыл басынан бері 0,3%-ға өсті, дегенмен 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,4%-ға төмендеді, деп хабарлады energyprom.kz.

Бір аптадағы қарқын бойынша пияз (8,7%-ға), картоп (4,4%-ға) және сәбіз (1,8%-ға) бағасы айтарлықтай өсті. Нан, күріш, сиыр еті және тауық етінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды, ал қалған өнімдер арзандады.

Жыл басынан бері сәбіз – 13,9%-ға, картоп – 13,5%-ға, тауық еті – 5,4%-ға, нан – 4,9%-ға, қант – 4,3%-ға, қырыққабат – 4%-ға қымбаттады.

Жылдық қарқында сәбіз – 18,8%-ға, күріш – 18,8%-ға, сары май – 11,9%-ға, тауық еті – 10,3%-ға, сүт – 8,3%-ға, сүзбе – 8%-ға, сиыр еті – 6,8%-ға, айран – 6,7%-ға, жұмыртқа – 6,1%-ға, нан – 6%-ға, тұз – 4,4%-ға, макарон өнімі 3,6%-ға өсті.

Қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда жалпы көлемі 284,9 мың тоннаны құрайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің қоры бар. Барлық облыстарда көкөніс қорына тексеру жүргізілді. Су басқан аймақтарда азық-түлікпен қамтамасыз етуде кідіріс жоқ, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

Жалпы осы жылдың сәуір айының соңында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,3%-ға, бір жылда 6,3%-ға өсті.

Өңірлер бойынша ай сайынғы қарқында баға Ақтөбе облысынан басқа барлық өңірде өсті. Бағаның ең көп қымбаттауы Жетісу (0,9%), Батыс Қазақстан және Маңғыстау (әр облыста 0,8%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз жылдық өсімі Шымкент, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды: әр облыста 0,1%.

Жылдық қарқын бойынша азық-түлік бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында тіркелді: 9,9%-ға. Бұл көрсеткіштің үштігіне Алматы (8,2%-ға) және Жетісу облыстары (8,1%-ға) да кірді. Ең аз жылдық баға өсімі Ақтөбе облысында байқалды: 4,4%-ға.