Әйел өлім аузында жатқан сүйіктісіне ауруханада тұрмысқа шықты

19 декабря 2018 Әйел өлім аузында жатқан сүйіктісіне ауруханада тұрмысқа шықты

Ко Со Куан сүйіктісінің ауыр дертке шалдыққанын екі жыл бұрын білген

 Сингапурде дәрігерлер ракпен ауырған ер адамға сүйіктісімен некелесуге көмектесті. Бұл туралы The Straits Times басылымы жазды.

15 желтоқсан күні 58 жастағы онлайн дүкеннің иесі Пан Мин Квон (Pang Ming Kwong) ауруханада жатып 49 жастағы сүйіктісі әрі сақтандыру компаниясының басшысы Ко Со Куанға үйленді. Некелесу рәсіміне 50 адам — достары, туысқандары және дін қызметшісі қатысты.

Квон 9 қарашадан бері ауруханада жатыр. Ол ауруханаға түскен күні медбикелерге сүйіктісіне ұсыныс жасағысы келетінін айтқан. 17 қараша күні ол Куанға ұсыныс жасап, некелесу рәсімін желтоқсанның ортасына жоспарлайды.

Аурухана қызметкерлері Квонның некелесу рәсімін ерекше күткенін айтты. Медбикелер аурухананың ішін шарлармен безендіріп, қалыңдыққа боянуға көмектескен. Сондай-ақ, аурухана аспазы ғашықтарға арнап торт әзірлеген.

Олардың кездесіп жүргендеріне сегіз жыл болды. Алғаш рет шай сататын жерде жолыққан.

Тағы оқыңыз: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады

"Біз әр демалыс сайын кездесіп тұрдық десем де болады. Ол маған күнде хабарласып, жұмысы туралы айтып беретін. Екеуіміздің де жұмыстан қолымыз босамайтындықтан, маған бірге өткізген уақытты бағалау керектігін жиі айтатын", — деді Куан.

Квонның рак ауыруы асқынып кеткені туралы олар екі жыл бұрын білген. Енді әйел барлық бос уақытын сүйіктісімен өткізуге тырысып жүр.



Әрі қарай оқу:sputniknews.kz, фото-CC0 / Elkimmelito