Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды

19 декабря 2018 Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды

8 жасар Ақылбек бауыр циррозына шалдыққан, екі жыл бұрын анасы оны емдету үшін жұрттан көмек сұраған

 Қырғызстанда науқас ұлының еміне жиналған қаржыны ұрлатып алған әйелдің қан қысымы көтеріліп кетіп, көз жұмды. Бұл туралыSputnik Қырғызстан жазды. 

8 жасар Ақылбек бауыр циррозына шалдыққан. 2016 жылы анасы Дилара Чимчикеева оның бауырын ауыстыруға қажетті ақшаны іздеп, БАҚ арқылы елден көмек сұраған.   

Ақылдың еміне "Руки добра" қоғамдық қоры бес жыл бойы көмектесіп келіпті. Қор басшысы Алена Конореваның айтуынша, бала дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы қажет. 

"Баланың жағдайы өте ауыр болды. Тамақ ішпейтін, жүрмейтін, төсек тартып жатқан. Дәрігерлер бауыры толығымен зақымданған деген диагноз қойды. Біраз уақыттан кейін жақсы маман кездесіп, жарты жылдан кейін нәтиже бере бастады", — дейді Конорева.

Оның айтуынша, бүгінде Ақыл бауырын ауыстыруға мұқтаж емес, алайда бауырдың жұмысын жақсарту үшін тұрақты ем қабылдап отыруы керек, ал оған көп ақша кетеді.  

Ақылды анасының туған сіңлісі Шынар Айталиева тәрбиелеп отыр, ал баланың 19 жастағы ағасы емге қажетті қаржыны табу үшін Ресейге кеткен.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-© Sputnik / Варвара Гертье