19 декабря 2018
Желіде шенеуніктің біртүрлі жазбасына қатысты мемдер пайда болды
Беларусь президенті Александр Лукашенконың қатысуымен болған жиында шенеуніктің жазған конспектісі әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Жергілікті арна операторы кездейсоқ "бабла мало, нет мерседесов, телки на задне…" деп жазылған мәтінді камераға түсіріп алған. Ал бұл сөздердің авторы кадрдың сыртында қалды.
Президент Лукашенко шенеуніктермен жазғы спорт түрлерін дамыту мәселесіне қатысты кездесу өткізді. Sputnik Беларусь БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, ресми мәліметтер бойынша бұл жиында "мерседес" пен "телка" тақырыбы көтерілмеген.
Ал әлеуметтік желіде бұл жазба дереу көптеген мемге арқау болды.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-CC0