Табылған зат мыңдаған долларға тұруы мүмкін, бірақ иесі оның нақты бағасын білгісі де келмейді
. АҚШ тұрғыны Рик Энтош Манхэттендегі барлардың бірінде ұлуға (устрица) тапсырыс беріп, ішінен інжу тауып алды.
Ер адам ұлуды аузына сала бергенде, тағамда оғаш бір нәрсенің бар екенін сезіп қалған.
CC0
Ер адамның аяқ астынан байып кетуіне автобустан кешігуі себеп болды
"Шайнай қойған жоқ едім, бірақ бірдеңе дұрыс емес секілді көрінді. Пломбам түсіп қалды немесе тісімнің бір бөлігі сынып кетті деп ойладым", — дейді америкалық.
Алайда оның аузындағы қара дақтары бар інжу болып шыққан. Даяшылар бұл шынымен де інжу екенін растаған.
Мекеменің аспазшыларының бірі 28 жыл жұмыс істеп, мұндайды тек екінші рет көріп отырғанын атап өтті, деп хабарладыСегодня.
Інжу мыңдаған долларға тұруы мүмкін, бірақ ол оның нақты бағасын білгісі келмейді, өйткені сатуды жоспарлап отырған жоқ. Ер адам оны бойтұмар ретінде ұстайтынын айтты.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото-CC0