Цемент түрінде жасырып елден 80 тонна бензин шығаруға тырысқандар ұсталды

12 марта 2022 Цемент түрінде жасырып елден 80 тонна бензин шығаруға тырысқандар ұсталды

Шекарашылар Қырғызстанға 80 тонна бензинді заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті.

ҰҚК ақпараты бойынша, оқиға 6 наурыз, жексенбіде Жамбыл облысындағы "Қарасу" автомобиль өткізу пунктінде болған.

Күдіктілер АИ-92 маркалы бензинді екі жүк көлігімен алып кетуге тырысқан. Олар бензин құйылған ыдыстарды үгінді толтырылған қаптарға жасырған. Қаптың ішінде цемент бар екенін айтқан.

Еске салсақ, елде 2021 жылы рекордтық көрсеткіште дизель отын өндірілді. Алайда жергілікті жүргізушілер тапшылық сезінді.

Сондықтан Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін шығаруға тыйым салынды.