Өткен жұма күні Астана-Көкшетау тас жолының бойындағы жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалған. Бұл туралы NUR.KZ-ке ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.
Полицияның мәліметінше, қаскөй бетіне бетперде киген және қолында тапанша болған. Ол кассирді қорқытып, кассадан миллион теңгеден аса қаржыны алып, оқиға орнынан ізін суытыпты.
Дегенмен күдікті тәулік ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Өкіншіке орай ұсталған адам полиция қызметкері, Шортанды ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторынының басшысы", - деп мәліме етті Сәдубаев.
Күдіктіден қару (тіркелген карабин) мен ұраланған ақша алынған.
Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сонымен қатар ІІМ өз қызметкерінің заңға қайшы әрекеті үшін халықтан кешірім сұрайды.
©NUR.KZ