Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкері түрік азаматымен татуласты

10 октября 2018 Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкері түрік азаматымен татуласты

Алматыда соққыға жығылған жедел жәрдем қызметкерінің адвокаты килентінің түрік азаматына қарсы шағымынан бас тартқанын және оны бостандыққа жіберуін сұрағанын атап өтті. Бұл туралы Андрея Диденко өзінің Facebookпарақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Адвокаттың сөзінше, бұл жолы Али Демир көзбе-көз отырып, жәбірленушіден шын көңілімен кешірім сұраған.

Андрей Диденко түрік азаматының өзі ісіне қатты өкінетінін бірнеше рет айтқанын жеткізді. Ол тіпті барлық жедел жәрдем қызметкерлері мен қазақстандықтар кешірім сұраған.

"Кешірім Николай Григорьевич тарапынан қабылданды. Бұл ретте айыпкердің сәбиі мен оны емізетін әйелінің бар екені есепке алынды", - деп жазды заңгер.

Ол сонымен қатар Түркия азаматының өтемақы төлеп, айбын жуып-шайғанын да атап өтті. Оның көлемі тараптардың өтініші бойынша айтылмаған.

Екі жақтың татуласуына байланысты дау тоқтатылған. Қалғанын енді сот шешетін болады.

©NUR.KZ