Астанада қалта ұрылары қолға түсті (фото)

12 декабря 2018 Астанада қалта ұрылары қолға түсті (фото)

  

Астанада сауда орталықтары мен қоғамдық көліктерде ұрлық жасады деп күдіктеліп жатқан қалта-ұрылары ұсталды. Бұл туралы елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жедел іздестіру нәтижесінде Атырау облысының 30 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталған.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, күдіктілерге қатысты тергеу жұмыстары басталған.

"Аталмыш тұлғалардан зардап шеккен тұрғындар болса, полиция департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Біздің мекен-жайымыз: Бейбітшілік көшесі 19. Немесе 8(7172)71-61-71 және 102 нөмірлеріне хабарласыңыздар", - дейді полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ полицейлер мереке қарсаңында ұрлықтың көбейіп кететінін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

 

nur.kz, фото - с сайта