Ақтөбеде сырға үшін төбелескен оқушыларға қатысты мектеп директоры өз шындығын айтты

12 декабря 2018 Ақтөбеде сырға үшін төбелескен оқушыларға қатысты мектеп директоры өз шындығын айтты

  

Ақтөбеде оқушы қыздары бір-бірінің шаштарынан сүйреп, төбелескен мектептің директоры жыларман күйде. Шаштасқан жоғары сыныптың қыздары жылғызбасты аналардың тәрбиесінде екен. Ал бірінің анасы ащы суға әуес деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Алға қаласындағы №4 мектептің директоры анасы ішімдікке салынған оқушының жағдайы туралы қалалық әкімдікке бірнеше рет ақпарат берген. Мектеп директоры учаскелік полицей де, әкімдік тарапынан да ешқандай шара қолданылмағанын ашына айтты.

"Тәрбие - табалдырықтан, отбасыдан басталады. Бала жаман дегенді көп естіп жүрміз. Ата-ана алдымен өзіне қарау керек. Балаға үйде не беріп, не көрсетіп жатырмыз?! Төбелескен оқушыны айтайын, оның шешесі арақ ішеді. Бала отбасындағы жағдай туралы айтқан емес. Мүмкін шешесі болған соң шығар, үйіндегі мәселені айтпайды.

Баланы көрсеңіз, ішімдікке салынған әйелдің қызы деп ойламайсыз. Сабақтан қалмайды, үнемі таза жүреді. Ол үйге кім көрінген барады. Оны бәрі, учаскелік полицей, қала әкімшілігі де біліп отыр. Мен ойлаймын, сонда учаскелік полиция қайда қарап отыр? Ардагерлер кеңестері қайда? Баланың жағдайына бей-жай қарамауымыз керек.

Неге барлығы мектептің жүгі болып қала беру керек?! Әрине,"Ағай, біз төбелесуге бара жатырмыз, осында келіңіз" деп ешкім айтпайды. Өкінішке орай, мұндай кезде тек мектеп кінәлі болып шығады. Мектептің арқасында мәдени шара, спорт та, концерт өтеді", - дейді Алға қаласындағы №4 мектеп директоры Әбдімұрат Қорғулин.

 

Nur.kz. фото с сайта