Өзбекстандық азамат Мәскеуде 79 жастағы кейуанаға сексуалды қорлық көрсеткен

12 декабря 2018 Өзбекстандық азамат Мәскеуде 79 жастағы кейуанаға сексуалды қорлық көрсеткен

Өзбекстан азаматы Мәскеудің шығыс бөлігінде 79 жастағы зейнеткерге сексуалды қорлық көрсетіп, тонап кеткен. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

10 желтоқсан күні белгісіз азамат Ясенка ауылының 79 жастағы тұрғынының бетіне газ шашқан. Артынша ол кейуананы үйге кіргізіп, аяқ-қолын байлап тастапты.

Осылайша күдікті зейнеткерге сексуалды қорлық көрсетіп, үстел үстінен 100 мың рубль ұрлап кеткен екен. Бұл қылмысқа барған қарақшы Өзбекстаннан келген 26 жастағы азамат болып шыққан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Источник: nur.kz, фото  с интернета