Қазақстан президентінің қолынан кімдер сыйлық алды?

11 декабря 2018 Қазақстан президентінің қолынан кімдер сыйлық алды?

Биыл "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқауға 182 кәсіпорын қатысқан

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқаудың жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық телекөпірден кейін мемлекет басшысы үздік отандық компанияларды марапаттады. 

ҚР президентінің "Алтын сапа" сыйлығын "Үздік индустриялды жоба" аталымында мақта-мата өндіретін AZALA Textile компаниясы алды. Кәсіпорын өнімнің 65 процентін экспортқа шығарады. 

Ал "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша президенттің сыйлығы KazTechInnovations компаниясына бұйырды. Компания нарықта баламасы жоқ бірегей ORBI көзілдіріктерін шығарады.

Қазақстан түйе және бие сүтін экспорттайтын болды

Бұған қоса, бизнес жүргізуге жағдай жасаған үздік өңір ретінде Қызылорда облысы таңдалды. Ал үздік аудан атағын Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы иеленді. 

Биыл Қазақстан президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған байқауға 182 кәсіпорын қатысқан. Оның ішінде 78 – шағын, 76 – орта және 28 – ірі кәсіпорын.



Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фото - © Официальный сайт Президента РК /