Ер адам Қазақстаннан Санкт-Петербургке жүк тасымалдаған
Санкт-Петербург полициясы қазақстандық жүргізуші қазасының мән-жайын анықтап жатыр. Ол жүк көлігі кабинасында асылған күйінде табылған.
"Невские новости" жергілікті порталы хабарлағандай, оқиға 9 желтоқсанда Фрунзе ауданында болды. Жүргізушінің денесі Mercedes-Benz Actros көлігінің төбесіндегі люкке байланған күртенің бауына асылулы тұрған.
Астанада кәріз құдығынан жасөспірімнің денесі табылды
Басылым хабарлағандай, 4 желтоқсанда ер адам Қазақстаннан Санкт-Петербургке пияз тасымалдапты.
Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі шаралар жүргізіліп жатыр. Өлім себебін анықтау үшін мәйітті сот-медициналық сараптамаға жіберді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр деп хабарлады.
"Әуелі бұл адамның ресми азаматтығын анықтау керек. Азаматтығы расталған жағдайда біздің консулдар оның туыстарына тез арада қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді. Әзірше біз ақпаратты тексеріп жатырмыз", — деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Әрі қарай оқу: sputniknews.kz, фотот - © Sputnik /